АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды

oto-Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің 80 пайызы қысқы жылыту маусымына дайын. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары Лесбек Серікбаев мәлімдеді.

-Шымкент қаласында 1 922 көпқабатты тұрғын үй үй болса, оның 160-ы шағын қазандықтар арқылы жылытылады. Басқалары орталықтандырылған жүйеге қосылған. Осы үйлердің 80 пайызы жылыту маусымына дайын. Қалған 20 пайызында жұмыс жорғарғы қарқынмен жүргізілуде. Бюджеттік мекемелердің де қысқа дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, — деді Лесбек Әуесханұлы.

-Мәжілісті ашып жүргізіп отырған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков ауа-райы болжамына қарағанда биыл қыс ерте түсуі мүмкін екенін, сол себепті жылыту маусымына дайындық жұмыстары уақтылы әрі сапалы жүргізілуі тиістігін атап өтті.
ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі