АСТАНА. ҚазАқпарат — 30 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында өтетін «Астана-Галатасарай» матчы кезінде стадионға баратын қоғамдық көліктер саны тағы 100 автобус қосылады. Сонымен қатар, қалада алты орыннан арнайы рейстер ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін матч кезінде көлік кептелісін азайту жəне тəртіп сақтау шаларын ұйымдастыру жөнінде өткен брифинг барысында белгілі болды.
Астана қалалық жолаушылар көлігі жəне автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Əбдіхамит Тамабаевтың айтуынша, «Астана-Арена» стадионына дейін баратын нөмірі 10,12,27,40,43,51 автобустарының саны сол күні тағы 100 автобусқа көбейеді.
«Бұл автобустар бекітілген кесте бойынша бұрыннан «Астана-Арена» стадионына барады. Ал «Астана-Галатасарай» матчы болатын күні осы бағыттағы автобустардың қатары тағы 100 автобуспен толығады. Сонымен қатар, қалада алты орыннан арнайы маршруттар ұйымдастырамыз», — деп хабарлады ол.
Ə.Тамабаевтың айтуынша, 30 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионына дейін «Қазақстан» спорт кешені, «Əзірет Сұлтан» мешіті, Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионның жанынан, «Жастар» театры, яғни, бұрынғы К.Байсейітова атындағы опера жəне балет театрының жанынан, «Нұр Астана» мешіті мен Цирк ғимаратының алдынан арнайы маршруттар қатынайды. Бұл автобустардағы билет бағасы да қоғамдық көліктегідей 90 теңге көлемінде бекітілген. Оның үстіне, арнайы автобустарды патурльдік полиция арнайы бақылауман апарады.
Author: Кенжекей Тоқтамұратқызы