АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Сапарбаев Ақтөбені жаяу аралап жүр

photo_78348Қобда ауданына барған сапарында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғалардан елдегі ауыз су жағдайы туралы сұрады. Сарыбұлақ ауылына барған аймақ басшысы ауыл сыртындағы қолдан жасалған тоғанда су толып тұрса да, көшелердегі құбырлар қаңырап тұрғанына сын айтты. Бұл жерде тұрғындар ауыз суды құдықтан тартып ішеді. Сапарбаев ауыл тұрғындары ішетін судан «ауыз тимек» болып, құдыққа қауға салды. «Балалық кезді еске түсірейінші» деп құдық суын өзі ұрттап, журналистерге де ұсынды…
Бүгінде Сапарбаевтың аты ел аузында: «Жақсы әкім екен», «Халыққа жақын екен», «Жасандылықты ұнатпайды екен» деушілер көп. Ал мекемелер, түрлі ұйымдар «айтпай келетін әкім» келіп қала ма деп күн сайын дайындық жасайтынға ұқсайды…
«Әкім келе жатыр» десе, алашапқын болып дайындалып, есік-терезені сырлап, асфальт төсей салуға дайын тұратын қоғамдық психологияны ұнатпайтынын облыс әкімі тағайындалғанына бір ай өтпей-ақ дәлелдеп тастады. Міне, бір-екі күндікте ол екшкімді (орынбасарларын, басқа да шенеуніктерді) ертпей, жаяулатып көшеге шықты. Ол Есет батыр көшесіндегі коммуналдық базарға барып, тұрғындармен сөйлесті. Жолда оны Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы №12-інші үйде тұратын қала тұрғыны кездестіріп қалып, үйдің тазалығына, поедъездердің нашар күтіміне қатысты арызын айтты. Әкім асықпай тыңдап, сол тұрғынмен бірге подъездерді аралап шықты.
Бүгін аймақ басшысы аяқ астынан жасаған «рейдтерін» жалғастырды, шенеуніктердің бір де бірін ертпей, қаланы аралауға шықты. Көмекшісі екеуі алдымен «Даму» қоры, «ҚазАгроҚаржы», «Байтерек» акционерлік қоғамдарының филиалдарына барып, осы өңірдің қарапайым бір тұрғыны ретінде, кеңесшілермен пікірлесті. Ол облыс әкіміне көрсетілетін құрметтің, артықшылықтың бір де бірін пайдаланған жоқ. Ел қатарлы кезекте тұрды. Талон алды. Аталған мекемелер қызметкерлерінің күнделікті қалай жұмыс істейтіндігін өз көзімен көрді. Бұдан кейін аймақ басшысы ардагерлер емханасына, №24 мектепке де барды.

М.Сатаева.

http://alashainasy.kz/