АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ ОҚО-ДА КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТЕДІ

_oko5033Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ОҚО филиалында өткен брифингте облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКК директоры Нұржан Тұрсынбай мәлімдеді. 

Қазақстанда 18-қазан – рухани келісім күні. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстанда еліміз бойынша ең алғаш рет конфессияаралық байрақты бәсеке өтпек. Аталған жарыс 10 қазан күні Б.Саттарханов атындағы мектептің футбол алаңында ұйымдастырылады. Облыста 11 конфессияға кіретін 60 діни бірлестіктер арасынан  достық кездесуге жеті команда қатысады. 
Брифингте тоғыз айдың қорытындысын баяндаған мекеме директоры облыста діни ахуалдың тұрақты екенін айтты. Бұл бағытта өңірімізде барлық жоғары, арнаулы орта және жалпы орта оқу ордаларында 9 айда 368 кездесу өтсе, дін саласындағы ақпараттық-насихаттық топтар мен мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған 45 семинар-кеңестер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, діни тұрақтылық пен кереғар ағымдардан сақтау мақсатында 28 мың дана әдістемелік-нұсқаулар жарық көрсе, теріс бағыттағы үгіт-насихаттың алдын алу мақсатында 15 тақырыпта бейне-роликтер және 5 тақырыпта фильмдер жарық көрді. Ал, жасөспірімдерге арналған 10 минуттық анимациялық фильм дайындалуда.  
 

ОҚО әкімдігінің баспсөз қызметі