АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

14 ҚАЗАН — БҮКІЛӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАУ КҮНІ

topБүкіләлемдік стандарттау күнін 1970 жылдың 14 қазанынан бастап дүниежүзінде аталып келеді. Стандарттаудың негізгі мақсаты отандық өнімнің сапасын жақсартып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен бірге табиғи және энергетикалық қорларды үнемдеу. Мамандардың айтуынша, халықаралық стандарт талаптарына сай келу облыс экономикасының дамуына мол үлес қосады. Халықаралық стандарт көші 1994 жылдан бері жүзеге асып келеді. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 750 кәсіпорын халықаралық стандартқа сай жұмыс істеуде. Дүниежүзілік стандарттау күніне орай Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының конференц-залында кәсібін дөңгелеткен азаматтарға арнап  семинар өтіп жатыр. 

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі