Күні кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының тұсаукесері өтті. Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи, рухани мәдени мұраларға бай, тың дүниелер қамтылған көптомдық кітап бес жыл бойы жарық көріп келеді. Бүгінгі күнде 500 томдық кітаптың 311 томы басып шығарылды. Кітаптың бірінші томы 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көрген болатын. Көптомды кітапты шығарудағы мақсат – Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы мен мәдениетін, саяси-экономикалық ерекшеліктерін насихаттау. Осылай, Қытайлық қаламгерлердің үлгісімен «Түркістан кітапханасы» сериясы бойынша мәдени мұраларды жинақтап, ұрпаққа аманаттау жұмыстары тұңғыш рет оңтүстік өңірде бастау алып отыр.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі