АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ҚАН ТАПСЫРДЫ

img_6597Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Шымкенттегі қан орталығында «Өзгеге өмір сыйла, донор бол» акциясы өтті. Қан тапсыру шарасына  облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов «Жастар орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің 200-ден аса мүшесін бастап барды. Қан тапсырып, өзгеге көмек қолын созған белсенді жастар қан орталығы берген 450 теңге қаржыны қаржыны балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге көмек ретінде жібергенді жөн көрді. Іс-шараның басты мақсаты – қатерлі дертке шалдыққан жандарға үміт    сыйлау, оларға қолдау көрсетіп, жастар бойына мейірімділік пен қамқорлық қасиетін ұялату. Сондай-ақ, донорлар санын көбейту. Бүгінгі таңда 300-ге жуық қазақстандық сүйек  кемістігін трансплантациялауға мұқтаж. Елімізде лейкоз ауруымен  600-ден астам бала ауырса, жыл сайын оның 50-ге жуығы сүйек кемістігін трансплантациялауға мәжбүр. Баланын аурудан сауығуы үшін, кем дегенде 500 донордың көмегі керек.  Дәрігерлердің айтуынша, лейкоз ауруымен ауыратын науқасқа қажетті донорды табу мүмкін бола бермейді екен. Сәйкес донор, он мың адамның біреуінен ғана табылуы мүмкін дейді дәрігерлер. Облыстық қан орталығы мамандарының берген мәліметінше, орталық қорында қан жеткілікті. Облыста күн сайын 60-70 адам өз еркімен қан тапсырады екен. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпарынша, мың адамның қырықы қан тапсырса, әлемде қан жетіспеушілігі болмайды. Сондықтан, денсаулығы жарамды әрбір азамат қанын тапсырып, өзгеге көмек қолын созуға асығуы керек екен. Айта өткен жөн, қан тапсыру акциясы 16 қазанға дейін жалғасады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі