АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Мақұлданса миллиондардың мұңы шешілер еді..

pogudxaHR0cDovL2kuY2RubmFpai5jb20vby92UkdxaUZZekswWEpWNEtJR3RvUXh1WWYuanBn.prx.r800x600.4703f653Көші-қон туралы заң жобасы мәжілісте ақыры мақұлданды. Енді сентатта қаралады. Бұл заң шетелде жүрген 5 миллион қазақтың отанына оралуына жол ашары анық.

Сенат та мақұлдап, президентіміз қол қойса, Қиырдағы Еуропа мен іргедегі Қытайдан келген қазақ атамекеннің кез келген жеріне көшіп келіп, бір жыл ішінде оралман мәртебесін алады. Балаларына да азаматтық алу жеңілдейді. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің жатақханаларына уақытша тұру мәселесі де оңтайлы шешіледі. Ал жеке сәйкестендіру нөмірі жазылған оралман куәлігі арқылы жәрдемақы мен зейнетақысын алу да айтарлықтай оңайға түседі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, оралмандарға бұрын жеке сәйкестендіру нөмірі берілмегендіктен зейнетақы төлеу мен жәрдемақы алуда көп қиындықтар болғанға ұқсайды. Енді бұл мәселе түбейгелі шешімін тауып отыр. «Жаңа заң жобасы қолданысқа енгенде, кері шетелге көшетін оралмандар саны азаяды» дейді министр. Лайым, солай болғай!

Қанат НҰРТАС

«Шын ақпарат»