Биыл Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында облысымызда жүздеген авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізілді, мыңдаған өрт жойылды. Бұл маман иелері кез-келеген тосын жағдайда адам өміріне араша түсіп, түрлі апаттардың зардаптарын жоюға үлкен күш жұмсайды. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынада соңғы 9 айда жалпы 971 апатты оқиға орын алған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,9% кеміген. Жыл басынан бері оқиға салдарынан 400 адам зардап шегіп, 110 адам қайтыс болды.
http://www.ontustik.gov.kz/