Аяқтарында үлкен қысқыштары бар, құйрығы тік көтерілген, оның ұшында бүгілген улы іспегі барсарышаянның сыртқы түр-тұрпаты кез келген жанды түршіктіреді. Осыған қараған жандар Сарышаян жұлдызымен туылғандар да осыдай сесті деп ойлайды. Сондықтан, бұл аңыздың анық-қанығына жету үшін астрологиялық қорытындыға көз жүгіртсек.
Жұлдыздардың құпиясын ашумен айналысатын мамандар Сарышаяннан сенімді дос табудың қиын екенін айтады. Олар жақындары үшін бәріне де, тіпті өздерін құрбандыққа шалуға да баратын көрінеді. Сондай-ақ Сарышаяндар бірінші болып ешкімге соқтықпайды. Ал біреу қытығына тисе, оны жайында қалдырмайды екен. Осындай ерекшеліктерін ескере отырып, Сарышаяндармен дос болуға болатын 5 себепті теріп жаздық.
- Сарышаяндар қолын ұшын беруге әрдайым дайын. Ол шын ниетімен көмектеседі және өзгелерден де соны күтеді. Егер ақыл-кеңесімен көмектесіп қана қоймай, сенің бар сырыңды ішінде сақтайтын дос керек болса, Сарышаянмен достас. Олар кез келген жағдайда өз ойларын тура айтады. Бастысы, көңліңізге келетін сөз естіп, ренжіп қалмасаңыз болғаны.
- Сарышаяндар артық сөзді, өсекті ұнатпайды және өсек тасымайды. Олар кез келген келеңсіз жағдайдан шын достарын қалай да алып шығуға дайын.
- Сарышаяндар – өте көңілді жандар. Олармен бірге жүрсеңіз, тұнжыраудың не екенін білмейсіз. Сарышаяндар кез келген ортаға тез үйреніп, елді аузына қарата алады.
- Сарышаяндар – еңбекқор жандар.Жүктелген міндетіне қалай болса, солай қарамайды. Әр істе өте мұқият, әрі тиянақты. Олар алдына үлкен мақсат қойып, тек биіктерден көрінуге талпынады. Ал айналасындағылардың мақтаулары олардың тек алға жылжуына түрткі болады.
- Сарышаяндарды алдауға тырыспаған жөн. Ішкі түйсіктері жақсы дамыған. Егер өзгелердің тарапынан қандай да бір қулықты байқасаң, онда міндетті түрде кек алмай қоймайды.
Егер Сарышаян жұлдызымен туылған досыңыз болса, оны бағалай біліңіз.
http://anabol.kz/