АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан ТӨРЕЖАН.ӨРТ СӨНДІРУШІГЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

DSC_0750Өрт кезінде қызметтестерінің өмірін қорғау үшін өз басын қатерге тігіп оқиға орнында қаза тапқан Алматы облысы Жаркент қаласындағы №33 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, өртке қарсы қызметтің старшинасы, марқұм Айсажан Илахунұлы Қожамбердиевтің ерлігін жерлестері ұмытпайды.

         Бұл оқиғаның болғанына көп болған жоқ. Үстіміздегі жылдың 31 тамызында Панфилов ауданында орын алған өрт кезінде өртке қарсы қызмет старшинасы Айсажан Илахунұлы Қожамбердиев жеке құрам қызметкерлерінің өміріне араша түсемін деп өзі ерлікпен қаза тапты. Өрттен құтқару кезінде көрсеткен ерекше батылдығы мен ерлігі елеусіз қалған жоқ. DSC_0706 Жақында Айсажан Қожамбердиев қызмет жасаған Жаркенттегі №33 өрт сөндіру бөлімі мекемесінің алаңында оған ескерткіш қойылды, деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің Панфилов аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері, өртке қарсы қызмет лейтенанты   Серік Шабеков.

   DSC_0744      Ескерткіштің ашылуы құрметіне Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары өртке қарсы қызметтің полковнигі Қабылов Мират Өтегенұлы мен аудан әкімінің орынбасары Шұхрат Құрбанов бастаған жұртшылық өкілдері қатысып, марқұмның аруағына тағзым етті. Ер есімі ел есінде мәңгі сақталмақ. Ерен еңбегі үшін  III-дәрежелі мінсіз қызметі үшін медалінің иегері Айсажан Қожамбердиевтің артында зайыбы, екі ұлы мен бір қызы қалды. Оның өзін құрбан етіп, басқалардың өмірін сақтап қалған ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі болып қалады. Ал өрт сөндірушінің бейнесі бедерленген ескерткіш балалары мен қызметтес жолдастарының жиі бас қосатын киелі орынына айналмақ