АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан Төрежен.Жаңа кітап «Жадымдағы жазбалар» деп аталады

      Жуырда журналист Берікхан Тайжігіттің «20378 атты кітабы Семейдегі «PRINTMASTER» полиграфиялық орталығынан жарық көрді. Саналы ғұмырын осы салаға арнап келе жатқан оның бұл алғашқы тырнақалды туындысы. Кітап «Оймақтай ойлар», «Мақалалар», «Сыр-сұхбаттар», «Сатиралар, өлеңдер» деп төрт бөлімге бөлінген. Алғашқы бөлімде адам баласының күнделікті тіршілікте басынан өткеретін қызығы мен шыжығы, қуанышы мен «әттеген-айы», осынау «бір кем дүниедегі» тыныс-тіршілігі қаз қалпында суреттеледі. Сондай-ақ,  кейінгі жылдары баспасөзде жарық көрген мақалалары мен  Үржар өңірінен шыққан белгілі азаматтармен сыр-сұхбаттары және әр жылдары жазылған сатира мен өлеңдері  соңғы бөлімге іріктелген. Автор туралы айтар болсақ, ол 1960 жылы бір кездегі Аягөз ауданына қарасты Қарақол ауылында туып, 1977 жылы аталмыш мектепті тәмамдаған. Журналистік қызметін Таскескен аудандық «Еңбек» -«Труд» газетінде тілші болып бастады. Облыстық «Ислам нұры», «Ертіс өңірі», Үржар аудандық «Уақыт тынысы» газеттерінде тілші, «Ұстаз. Білім. Шәкірт» газетінде бас редактордың орынбасары,  кейін Бас редактор қызметін атқарды. Семей  қалалық «ТВК-6» телеарнасында редактор бола жүріп, өзінің авторлық жеке бағдарламасын ашқан. Астана қаласындағы «Эра ТВ» арнасының дубляж бөлімінде қызмет етіп, орысшадан қазақша 60- қа жуық көркем, деректі фильмдерді аударып, дубляж жасаған. Ол Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. Қазіргі күні Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің Аягөз ауданы бойынша меншікті тілшісі. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.