Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Түркітілдес мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша халықаралық ұйым ретінде құрған академия қызметінің өзекті мәселелері талқыланды.
Д.Қыдырәлі академияның зерттеу, ағарту және баспа жұмыстары туралы хабардар етті, сондай-ақ, ХVIII ғасырдағы қазақ дипломатиясы туралы шетелдік мұрағаттарда табылған тарихи түпнұсқа құжаттар негізінде жазылған жаңа кітаптарды таныстырды.
Халықаралық Түркі академиясының президенті 2016 жылы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде «Жібек жолының бойындағы үнқатысу» тақырыбы бойынша дипломаттар мен түрлі елдердің ғалымдары кеңінен қатысатын отырыс өткізу туралы жоспарымен бөлісті.
http://egemen.kz/