АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҚО-ДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПКЕ ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІ ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ

kitayОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері мен Қытай кәсіпкерлері кездесті. Онда өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, облыста бірқатар зауыттар салу жайы сөз болды. Кездесу қорытындысы бойынша өңірде қант зауытын, целлюлозалық қағаз шығару комбинатын, әйнек пен шам және жарықтандыру жүйелерін шығаратын зауыттар салу бойынша келісімдер жасалды. Аталған жобаларды жүзеге асыру негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына 2 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылатын болады.