Каспий теңізінде және оған құятын өзендер бойында біріккен жедел-сауықтыру іс-шараларының ІІ кезеңі аяқталды.
Аталған іс-шараға Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының шекарашылары белсенділікпен қатысты. Қазан айынан бері бүгінгі күнге дейін теңіз шекарашылары теңіз бетінде заңсыз балық аулаумен айналысқан 71 адамды ұстады. Олардың арасында қазақстандық, ресейлік және өзбекстандық азаматтар бар. Шекарашылардың әскери-жауынгерлік қызмет атқару барысында браконьерлердің ау қралдарына кездесіп қалған кездері де аз болмады. Мысалы, шекарашылардың қырағылығы арқасында 238 640 м. ау, 18 750 м. калад (браконьерлік құрал), 17 050 дана ілмек анықталды. Егер қазақстандық шекарашылардың қырағылығы болмағанда осыншама браконьерлік құралдар қаншама теңіз байлығын қарпыған болар еді. Әрине, кейбір ау құралдарынан Каспийдің ерке балығы бекіре және бекіре тұқымдас балықтар да босатылды. Мысалы, 1105 дана бекіре, 10 тонна бекіре тұқымдас балық анықталып, босатылды.
Айқын-ақпарат