Жүкті болғаны ауыр жазадан құтқарды. Астанада қымбат джипімен оқушыны қағып өлтірген келіншек 2 жыл 6 айға сотталды.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Бірақ, босануға айы-күні жетіп отырғандықтан судья жеңілдік жасап жазасын 1 жылдан соң өтеуге үкім шығарып берді.
Ал кінәсін толық мойындаған әйел марқұмның анасынан сотта жылап тұрып кешірім сұрады.
“Балаңыздан айырылу сіз үшін үлкен трагедия. Мен үшін де солай. Бұл өксікпен өмір бойы өмір сүремін. Кешіріңізші мені”, – деді келіншек.
32 жастағы Айман Сәкенова қоныс колониясына екінші сәбиін босанып бөбегі 1 жасқа толған соң аттанады. Алдағы 5 жылда рөлге отыруға, соттың рұқсатынсыз қала аумағынан шығуға да қақы жоқ.
Жәбірленуші тарап материалдық және моральдық шығынын 17 миллионға бағалаған. Алайда, бүгін судья 5 миллион теңге жеткілікті деген тоқтамға келді.
Естеріңізге салсақ, 25-ші мамырда 12 жастағы Данияр Бұсырмановты “Ленкдрузер Прадоны” тақымдаған келіншек тура жүргіншілер жолағында басып өлтірген.
Бір үйдің жалғызы, оқу озаты сол қаралы күні су добынан Ресейде өтетін халықаралық жарысқа дайындалып жаттығудан қайтқан беті екен.
Ал үкіммен келіскен марқұм ұлдың туыстары екіқабат келіншек босанып 1 жыл өткен соң жазасын өтеуін тексеріп отырмақ.
http://www.nur.kz/