АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҢТҮСТІКТІҢ ЕСКЕКШІЛЕРІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА БЕС АЛТЫН ИЕМДЕНДІ

20151109014820_1Өңіріміздің спортшылары тағы ерледі. Индонезияда өткен байдарка мен каноэда есу спортынан жастар мен ересектер арасында өткен Азия чемпионатында отандастарымыз 9 алтын, 8 күміс, 2 қола медальді еншілесе, соның 5 алтын, 5 күміс және 1 қола медалі оңтүстікқазақстандық спортшылардың қоржынында. Атап айтсақ, 1000 метрлік екеулік байдаркада жерлестеріміз – Е.Алексеев сынға түсіп, топты жарса, 200 метрлік жұптық байдаркада ерлер арасында О.Янницкий, әйелдер арасында Н.Подойникова және Н.Сергеева, ал жастар арасында А.Борисов пен Г.Артемьев алтыннан алқа тағынды. Ерлер арасында Т.Хайдаров 200 метрлік каноэда жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар, күміс және қола жүлдегерлердің ішінде жерлестеріміз – А.Альшанский, Н.Сергеева, И.Подойникова, Ю.Березинцев, С.Молина және ағайынды Емельяновтар да бар.Сөйтіп, әлем және Азия біріншіліктерінен ұлттық құрама спортшылары Рио олимпиадасына 7 жолдама алса, оның 4-уі Оңтүстіктікі. Еске сала кетейік, қараша айының басында өңірімізде байдарка және каноэда есуден оқу жаттығу базасының спорт ғимараты ашылған болатын. 130 адамға арналған оқу жаттығу орны елімізде теңдесі жоқ әмбебап кешен болып табылады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі