АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ИМ тобы Ресейге «шабуылдайтынын» тағы мәлімдеді

«Ислам мемлекеті» (23da450944f0818162562a06dc761501_L ұйымы Ресейге Сирияны бомбалағаны үшін «таяуда» шабуыл жасайтынын айтып, доқ көрсетті деп хабарлады 12 қарашада SITE мониторинг жүргізу тобы.

Интернетте таралған орыс тіліндегі видеода Ресейге «тым жақын уақытта» содырлар шабуыл жасайтыны айтылған. Кремль қауіпсіздік қызметі бұл видеоны тексеріп жатқанын хабарлады.

Соңғы апталарда Ресей астанасы мен өзге де ірі қалаларда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Мәскеу Таяу Шығыста ИМ қатарында бұрынғы совет республикаларынан барған, жалпы саны бес мыңнан жеті мыңға дейінгі аралықтағы азамат соғысып жүргенін айтады.

ИМ өзіне қарсы Сирияда әскери операциялар жүргізгені үшін Ресейден «кек алатынын» бұған дейін де мәлімдеген.