Бөрлі аудандық сотының 12 қараша күнгі үкімімен ҚР ҚК 256-бабы 2-бөлігіне сәйкес алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен терроризмді насихаттағаны үшін 23-27 жастағы төрт адам айыпты деп танылды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олар мүлкін тәркілеумен бірге 5 жылдан 5 жыл 6 ай мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге сотталды.
Үкімді жариялағаннан кейін судья Нұртас Ибрашов БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп, онда жастар дұрыс жолдан таймау үшін білімді айқын көздерден алуы керектігін атап көрсетті.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
http://www.inform.kz/