АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Бәйтерек» монументі Франция туының түсіне боялды

photo_22329Астанадағы «Бәйтерек» монументі жексенбі күні кеште Париждегі терактіге байланысты француз туының түсіне боялды. Бұл суреттерді қолданушылар әлеуметтік желілерде жариялап жатыр, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

«Терроризмнің діні мен ұлты жоқ, опасыз мақсаттары ғана бар. Бейбітшілік пен келісімде өмір сүрейік», — деп үндеуде қолданушылар. 

14 қарашада Парижде болған террорлық актілерге байланысты әлемдегі көптеген ғимарат Франция туының түсіне боялды. Әлеуметтік желі қолданушылары Twitter және Facebook парақшаларында #Prayers4Paris #ParisAttacks #PrayforParis хэштегтерімен суреттер жариялап жатыр. Франция туы Манхеттенде 2001 жылы қиратылған егіз ғимараттың орнына салынған орында да бейнеленді. Қазіргі кезде Парижде төтенше жағдай режимі жарияланды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Париждегі терактілер кезінде 129 адам қаза болып, ондаған адам жарақат алған. Лаңкестер бірнеше жерде жарылыс жасады, оның ішінде футбол матчы болып жатқан «Стад де Франс» стадионында, бірнеше мейрамханада және «Батаклан» театрында. ДАИШ террорлық ұйымы жауапкершілікті өзіне алды.

http://kaz.tengrinews.kz/