«Бизнестің жол картасы-2020» аясында осыдан төрт жыл бұрын құрылған Павлодардың «Сағып» шаруа қожалығының қымызы енді Мәскеу төріндегі ірі супермаркеттердің бірінде сатыла бастайды. Келісімге келген дистрибьютерлер жол қаражатын толық өз мойындарына алып отыр. Олар айына 10 тонна қымыз сатып алуға шарт жасаспақ. Ал шаруашылық басшысыТөлеу Құшманова қымыздан бөлек құрт жасауға көшкен. Бизнестің қыр-сырын әбден меңгерген нәзік жан жылқының тезегінен биогумус алып, оны да кәдеге жаратып отыр. «Табыстың кілті ерінбей еңбек еткен адамның қолында», — дейтін іскер әйел қарашаның 24-інде келісім-шарт жасау үшін Мәскеуге аттанады. Төлеу Құшманова, «Сағып» ШҚ басшысы: — Кәдімгідей келісімге қол қоямыз. Онда «Бауырсақ» деген үлкен супермаркет ашылып жатыр сонда тек қана «Қазақстанда жасалған» деген бағдарлама бойынша Қазақстанда өндірілетін тауарлар сатылады. Соған ең бірінші қымызды бізден аламыз деп соған қол қоюға бара жатырмыз.
Источник: http://24.kz/