Анкараның Полатлы ауданында жерге көмілген «Күрдістан жұмысшылар партиясына» тиесілі С4 жарылғышынан аса қауіпті болып саналатын 100 килограмдық нитрометаннан жасалған жарылғыш зат табылды. Бұл туралы Түркия басылымдары хабарлап отыр. Қауіпсіздік қызметкерлері «Күрдістан жұмысшылар партиясы» көмген жарылғыштың орнын анықтап, аймақты бақылауда ұстады. Біраз уақыт өте келе, лаңкес өзі орнатқан бомбаны қайта қазып алмақ болған кезінде қол түсті. Ұсталған лаңкес тергеуден соң қамауға алынды, деп жазады Samanyoluhaber.com. Дайындаған: Жақтай Ә.
Источник: http://24.kz/