АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Қапланбек» сауда орталығында көлік тұрағы жоқ

00426-640x381Шымкенттегі «Қапланбек» сауда орталығына баратындар базар басшылығына өкпелі. Қалың қауым 250 орынға шақталған сауда орталығында келушілерге жағдай жасалмаған деп отыр. Әсіресе, көлік қоятын автотұрақ қарастырылмаған. Бұл базарға бара қалсаңыз, тізгіндеп кеткен темір тұлпарыңызды айып тұрақтан бір-ақ табасыз деп ашынуда.

 

Сенбі-жексенбі күндері базарда аяқ алып жүру қиын. Ұсақ-түйек заттардан бөлек мұнда пайдаланылған бұйымдарды да табуға болады, ит пен мысық жабайы және үй құстары да осында. Бір сөзден айтқанда, күнделікті тіршілікке қажетті арзан дүние іздегендер «Қапланбек» базарына келеді. Өкініштісі, мұнда автотұрақ жоқ, ал темір тұлпарды жол жиегінде қалдырсаңыз әкімшілік жазаға тартыласыз немесе көлігіңіз айып тұраққа жөнелтіледі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, үлкен сауда орындарының 36 пайызы автотұраққа арналып, келіп-кететіндерге жағдай жасалуы тиіс. Ал аумағы 1,5 гектардан асатын «Қапланбек» базарында мұндай аумақ қарастырылмаған. Жайма-жабайы сауда. Қала әкімдігінің мамандары бұл сауда орнының иелері базарды заман талабына сай етуді ойламайды да дейді.

Көпшіліктің шағымынан кейін атқарушы билік өкілдері сауда орнына қатысты зерделеу жұмысын жүргізуге уәделерін берді. Талапқа сай болмаса, қатаң әкімшілік шара көріледі. Ал ол аяқталғанша бұл базарға қоғамдық көлікпен баруға тура келеді.

Нұрлан Жаңабай

http://kz.otyrar.kz/