АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.с.) сүйікті өсімдігі. 50 түрлі дертке ем

скачанные файлы (5)Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.с.) сүйікті өсімдігі

50 түрлі дертке ем

 

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.с.) ерекше мақтаған өсімдік бар дерттің дауасы екенін бірі білсе, бірі білмейді. Араб елдерінде «пайғамбар өсімдігі» аталып кеткен қара зеренің пайдасы айтарлықтай. Орысша атауы «черный тмин». Жиырмаға жуық түрі бар. Қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми зерттеулер де жүргізілген. Медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В дәрумендері, линолей, олеин,пальмитин, эйкозен, стеарин, альфа-линолен қышқылдары құрайды.

Ал ғалым Ибн Қайым Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» атты кітабында қара зеремен 50 шақты ауруды емдеуге болатындығын көрсеткен.

 

Олар:

 

Несеп жолдарын тазалайды;
Ішті жүргізеді;
 

        Ішек құрттарын жоюға көмек береді;

        Бала емізетін әйелдердің сүтін молайтады;

        Сүйелді кетіреді;

        Жөтел мен сарыауруға таптырмайтын ем;

         Белсіздікке ем;

         Семіздіктен арылуға көмектеседі;

         Тәбетті арттырады;

         Қандағы холестеринді азайтады;

Ағзаны улы заттардан тазартады;

Иммунитет жүйесін күшейтеді;
Инсультқа қарсы тұрады;
Артрит (буын ауруы) пен бауыр ауруынан айықтырады;
Құрамындағы тимохинон арқылы қандағы глюкозаны азайтады;
Құрамындағы эфир майлар арқылы бактерияларды өлтіріп, олардың көбеюін тоқтатады;
Бронхит пен астмаға (тыныс жолдарының қабынуы) ем;
Ішектердегі қажетті бактерияларды қалпына келтіру арқылы іш-құрылыстың жүйесін реттейді;
Тері ауруларына пайдалы (қотыр, қышыма, бөртпе т.б.);
Өт пен бүйректе жиналған майда тастарды уатады;
Асқазанның ойық жарасын (язва) жазады,
Етеккiр циклын қалпына келтіреді т.б.
 

Қара зере шайы болса, жас босанған әйелдерге сүт шығуы үшін ішу пайдалы екенін білгейсіз. Сондай-ақ, іш кебу, іш өту және өт шаншуы сияқты ауруларды емдейді.

http://anabol.kz/

 

Ем болсын! Біз ұсынған кеңестер пайдаңызға жарар деген ниеттеміз!