Ресейдiң “белгiлi бекбикесi” Владимир Жириновский “Говорит Москва” радиосына берген сұхбатында былай дедi: “Ыстамбұлды жер бетiнен жоқ қылып жiберу оп-оңай. Ядролық бомбаны ең әуелi бұғазға тастау керек, содан су деңгейi 10–15 метрге дейiн көтерiледi де, 9 миллион тұрғыны бар Ыстамбұлды әп-сәтте шайып кетедi”.
Бұл бұл ма, Жириновский Түркияны тап бiр өз қолымен жасап алғандай-ақ: “Ядролық қарумен бұл елдi жермен-жексен етiп, жойып жiберу керек” дедi. Әрине, Түркия В.Жириновский не айтса да көнiп, көрмегенсiп, естiмегенсiп отыра беретiн Қазақстан емес, саясаткердiң шатақ, бейпiл әрi қорлықты сөзiне тойтарыс беруге тиiс. Тойтарыс қай түрде болады? Мiне, мәселе де осында.
Ә.Нұртайұлы.
zhasalash.kz