Астанада бүгін «Көрме» орталығында бірінші отандық тауар өндірушілердің «Ұлы дала елі» форумы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрмесі ашылды.
Екі күн өтетін форум мен көрмеге қазақстандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер қатысып жатыр. Форумда сөйлеген вице-премьер Бақытжан Сағынтаев қазақстандық кәсіпкерлерді «халықты алдамауға» шақырды.
– «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, Беларусьтен келген кейбір сүт өнімдерін Қазақстанда өндірілген деп жасап сатқан жайттар да болған. Toyota Land Cruiser көлігін де отандық көлік деп мемлекеттік тапсырыспен сатып алған жайттар кездескен. Мұндайдан бас тартуға, әділ жұмыс істеуге шақырамын, — деген Сағынтаев.
Форум мен көрме аясында қазақстандық «Ұлы дала елі» брендін құру жоспарланған.