АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Жабайы қабан неміс фермасындағы сиыр табынына бауыр басты

0cb683102287a435cac6bdd5a8c397ab_LГерманияның Гамбург маңайындағы фермада сиыр табынына жабайы қабан қосылып алды, деп хабарлайды Associated Press. Фермер Дирк Риздің хабарлауынша, Банан есімді қабан сиырлар арасындағы 2 айдан астам уақыт бойы өмір сүріп келеді.  Оның айтуынша, жабайы қабан өзін керемет сезініп жүр. «Ол толығымен табынға үйренісіп алды. Бұл – таңқаларлық жағдай», — дейді фермер. Банан жергілікті танымал жұлдызға айналып үлгерген, тіпті ол жергілікті аңшылардың құрбаны болып қалудан да еш сескенбейтін тәрізді. «Бұл доңыздың мәртебесі ерекше», — дейді Риз. Жабайы қабандар мен сиырлардың бір табында өмір сүруі алғашқы жағдай емес. 2015 жылдың 6 қазанында The Local жабайы қабанның Иоганн есімді түлігі Төменгі Саксониядағы ферманың сиыр табынына қосылғандығын хабарлаған болатын. Ол кезде жергілікті шаруаның ұлы Йохен Крафт Иоганды жетім деп топшылаған болатын. Ал ірі қара мал табыны торайды өзінің түлігіндей бауырына басқан.

Дайындаған: Жақтай Ә.

Источник: http://www.24.kz/kz