АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Шымкентте 20 этномәдени бірлестік 20 қой сойып, 20 қазан ет асты (ФОТО)

004-1-640x424АСТАНА. ҚазАқпарат — Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» қабылдау үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында 9 желтоқсан күні облыстағы 20 этномәдени бірлестіктің қатысуымен Қазақтың ұлттық тағамы «Ет асу» фестивалі өтті, деп хабарлады облыс әкімі баспасөз қызметінен.

Бүгін Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» қабылдау үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында облыстағы 20 этномәдени бірлестіктің қатысуымен Қазақтың ұлттық тағамы «Ет асу» фестивалі өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, аудан, қалалардан арнайы шақырылған делегациялар жалпы 300-ге жуық адам қатысты.

Өңірімізде тұңғыш рет өткен «Ет асу» фестивалінде 20 этномәдени бірлестік 20 қой сойып, 20 қазанда арнайы ас әзірледі.

Этномәдени бірлестік өкілдері қазақтың ұлттық тағамын мейілінше сапалы дайындаудан, қонақтарға табақ тартудан, сорпаның құнарлылығынан және қой етін пісіру кезінде жылқының қазы-қарта, жал-жаясын ұтымды пайдалану сынды ерекшеліктерден сайысқа түсті.

Дайындалған еттің бір бөлігі «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында қаладағы тұрмысы төмен отбасыларға таратылды.

Айта өтейік, Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған іс-шараны алдағы уақытта облыста дәстүрлі түрде жалғастыру көзделуде.