АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Шымкентте ұзындығы мен ені жарты метр болатын шоколад құйылды

210345Шымкентте ұзындығы мен ені жарты метр болатын шоколад құйылды. Оны миллиондар қаласына Ресей, Украина, Беларусь кондитерлері тарту етті.


Тәттінің дәмін шымқала тұрғындары мен қонақтары  «Nikolya Шоколад музейі» көрмесінде  татып көрді.

Бұл күні көрмеге бас-аяғы 300-ден аса жоғары сапалы экспонат қойылды. Ресей, Украина, Беларусь кондитерлері «Шымкентке қонақкәде» деп, атаған шоколадтарын құю үшін 3 апта тынымсыз еңбек еткен. Тәтті 700 келі тартады. Құрамы мықты. Екі жылға дейін сақтауға болады. Алайда, шетелдік мамандар көрген астан бермей, көргенсіз атанғылары келмеді. Қазақы қонақжайлықпен көпке таратты.

Николай Попов, шоколад жасаушы;

Шымкенттіктер өте қонақжай халық. Өнерімнің жаңа қырынан ашылуына көп септіктерін тигізіп жатыр. Халқы алтынға әуес екен. Соны байқадым. Шоколодтарымды енді алтын түстес етіп, әзірлегім келіп қалды. Достығымыз арта берсін!

Виктория Стибио, ұйымдастырушы;

Оңтүстік халқы әлемде жоқ, айрықша шоколадтардың дәмін тату мүмкіндігіне ие. Жақсыны көрмекке деген… Келіңіздер! Көрме 2 ай бойына Бейнелеу мұражайы орталығында өтеді.

Мәселен, мына қазақша сәукеле келушілердің қызығушылығын арттырды. «Ұлы даланы мекен еткен ұлтқа деген құрметтің бір белгісі» — деп білді, көпшілік. Қазақы ою-өрнектер қаз-қалпында түскен. Құдды бір қолдан шыққандай. Сәукеле 2 күнде дайын болған.

Николай Попов, шоколад жасаушы;

Мен бұған дейін де бірнеше елге барып көрме ұйымдастырдым. Ол жерге барғанда  алдымен сол елдің салт-дәстүрімен танысамын. Сосын оларға кәде сый ретінде ұлттық нақыштағы бұйымдарын жасаймын. Сондықтан осы қазақша сәукелені оңтүстік жұртына жасаған тартуым болсын дедім.

Айта кетейік, көрмеде арнайы технология бойынша дайындалған эксклюзивті шоколадтар сатылады. Тәттіні аламын және өз қолыммен жасаймын деушілерге есік ашық. Арнайы шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

 

Аяулым СӘРСЕМБИЕВА 

http://shymkenttv.kz/