АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

БЮДЖЕТТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ – БАСТЫ МАҚСАТ

20151210222357Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында бюджетті оңтайландыруды тапсырған болатын. Бүгінде осы міндеттерді орындау мақсатында 2016 жылға арналған облыстың бюджеті оңтайландырылып бекітілді. Бюджетте материалды техникалық базаны нығайту, іс-шараларды өткізуге арналған шығыстар барынша қысқартылып, кеңсе мен шаруашылық тауарлары және азық түліктің бағасына мониторинг жүргізіп нарықтық бағада қарастырылды. Коммуналдық шығындарды да үнемдеу тапсырылды. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр мәлім етті. Қаржының басым бөлігі үш ауысымды және апатты деген білім ошақтарына бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысына, бюджеттік мекемелерді күтіп ұстауға, өтпелі нысандардың құрылысын аяқтауға бағытталып отыр. «Қазіргі қиындықтардан шығудың жолы Елбасы белгілеп берген «Бес институттық реформа және оны іске асырудың 100 қадамында» нақты айқындалып отыр. Осы құжатта мемлекетке де, азаматтарға және кәсіпорындарға ерекше жоғары талаптар қойылып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер айқындалған. Қойылған міндеттерді орындау мақсатында, облыста бірқатар жұмыстар жүргізілуде»,- деді өңір басшысының орынбасары. Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елімізде мүлікті жария ету акциясы өтуде. Аталған акцияның мерзімі келер жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Облыста 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыс тұрғындарынан 32 млрд. 849 млн. теңгені құрайтын 3504 өтініш келіп түскен. Оның 2385 өтініші бойынша құны 20 млрд. 547 млн.тг. құрайтын мүліктер заңдастырылған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі