АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Алматылық кәсіпкер Ресейде «Теңге» кәмпиттерін шығарып жатыр

photo_23076Ресей Федерациясында «теңге» ұлттық валютасы бейнеленген орамасы бар кәмпиттер өндіріліп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан қалаларында бірнеше айдан бері сатылып келе жатқан кәмпиттің орамасында төл теңгеміз бейнеленген. Идея авторы алматылық кәсіпкер Қасен Оспанов, ол жарты жыл бұрын қазақстандықтарға «тәтті» тосынсый жасауды ұйғарыпты.  

Ресейде кондитер өнімін өндіретін достарым бар. Ол жақта осындай шоколад кәмпиттерін өндіретін зауыт бар. Олар доллар мен еуро бейнеленген орамасы бар кәмпиттерді бұрыннан шығарып келеді. Оларға теңге жайлы идеяны ұсынғаннан кейін біз біріккен жобаны іске қостық. Өнімді Алматы, Шымкент, Астана және тағы да басқа қалаларда сатып жатырмыз», — деді ол. 

Оспановтың айтуынша, төрт айдан бері отандастарымыз бұл өнімді сатып алып жатыр екен. «Біз әзірше қанша тауар өндіретінімізді білмейміз, себебі жобаны жазда іске қосқанбыз, сол кезде рубль бағамы 3 теңгеге тең еді. Бірнеше девальвация өткеннен кейін қазіргі уақытта біз алдағы жоспарларымызды ойластырып жатырмыз, себебі рубль бағамы 5 теңгеден асып кетсе, ресейлік өндірушілермен әріптестік жасау тиімсіз болып шығады», — деді идея авторы. 

Оспанов бұл идеяны патенттемепті. «Бұл ұлттық бренд қой, оны, меніңше, патенттеуге болмайды. Осындай өнімді Наурыз тематикасына байланысты шығару жоспарда бар. Қасиетті Рамазан айында да ауызашарға шығарып қалуымыз мүмкін», — деп қорытындылады ол.
http://kaz.tengrinews.kz/