Қытайлық Шэньчжэнь қаласында (оңтүстіктегі Гуандун провинциясы) көшкін жүруі салдарынан із-түссіз жоғалғандардың саны 91 адамға жетті. Бұған дейін 59 адамның жоғалғаны хабарланған болатын, деп жазады Би-Би-Си.
Оқиға Liuxi өнеркәсіп паркінде орын алған. Лай көшкінінен бірнеше тұрғын үй зақымданған. Жедел қызметтер үйінділерді ашу операциясын жалғастырып жатыр.
Оқиға орнында 560-тан астам құтқарушы, 100-ден астам өрт сөндіру машинасы жұмыс істеуде. Үйінділердің астында қалған адамдарды іздеуге иттер мен арнайы роботтар пайдаланылып жатыр. Апат ауданында жедел госпиталь ашылды.
http://www.inform.kz/