АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қазақстан: жолдардың жабылуы туралы ақпарат

84669-(article-picture2)_142915841784«Қазавтодор» РМК хабарлайды. Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) мына бағыттар бойынша барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді: 1. Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы тасжолының Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейінгі 108-123 шақырымдық учаскесі; 2. Алматы-Өскемен тасжолының Қалбатаудан Қ.Қайсенов ауылына дейінгі 977-2013 шақырымдық учаскесі; 3. Өскемен-Зыряновск-Рахмановские ключи тас жолында Ушанов ауылынан Серебрянск қаласының бұрылысына дейінгі 6-66 шақырымдық учаскесі: 4. Өскемен-Семей тас жолының Өскемен қаласынан Шульбинск ауылының бұрылысына дейінгі 8-154 шақырымдық учаскесі; 5. «Усть-Каменогорск-Шемонаиха-РФ шекарасы тасжолы Первомайка ауылынан Шемонаиха қаласына дейінгі 54-102 шақырымдық учаскесі; 6. Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолы Қарағанды облысының шекарасынан Аягөзге дейінгі 320-704 шақырымдық учаскесі; 7. Алматы-Өскемен тас жолының Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі 778-973 шақырымдық учаскесі; 8. Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолы Аягөзден Ақсуат ауылына дейінгі 700-900 шақырымдық учаскесі; 9. Өскемен-Риддер-РФ шекарасы тас жолының Михайловка ауылынан Риддер қаласына дейінгі 25-105 шақырымдық учаскесі; 10. Семей-РФ шекарасы (Барнаул) тас жолы Семей қаласынан РФ шекарасына дейінгі 2-113 шақырымдық учаскесі; 11. Омбы-Майқапшағай тас жолының Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі 756-906 шақырымдық учаскесі. Сондай-ақ сағат 09.15-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) Алматы-Өскемен тас жолының Таскескен ауылынан Аягөз қаласына дейінгі 683-768 шақырымдық учаскесінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Источник: http://24.kz/kz/