АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қостанай облысында пойыз бір мезетте 14 жылқыны қағып кетті

Датчик-рельс2Келеңсіз жайт 27 желтоқсан күні сағат 20:30-да шамасында Қостанай-Озерный теміржолының 264 шақырымында болған. Айдауыл жолдағы жүк тепловозының жарығын көрген жайылымда жүрген жылқылар кенеттен лап қояды. Салдарынан 14 жануар қатарынан көліктің астына түсіп мертігіп, пойыз шұғыл жағдайда тоқтайды. Техника келген ақауды реттеуге бір сағат уақыт кеткен. Бұл аралыққа Қостанай-Мәскеу жолаушылар пойызы осынша уақыт жүруін шегірді. «Қазіргі таңда жануарларды қараусыз жіберген иелері табылды. Олардың бәрі Қостанай ауданына қарасты Майкөл ауылының тұрғындары болып шықты. Мал иелеріне тиісті шаралар қолданылды», — деп хабарлайды Қостанай стансасы ІІЖБ әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Берік Айсенов.

Источник: http://www.24.kz/