Қалалық прокуратура 2015 жылдың қорытындысын талдап, қылмыскерлердің құрығына қандай адамдар жиі түсетінін анықтаған. Олар – тұрмыстық деңгейі орташа 25 пен 55 жас аралығындағы ер азаматтар мен қыз-келіншектер. Бір басына жеткілікті қаржысы, жылжымалы және жылжымайтын мүлігі бар. Бірақ осал тұсы – заңды жетік білмейді әрі сенгіш. Әккі қулар осындай топқа жататын тұрғындарды оңай сан соқтырып кеткен. Мәлімет бойынша, былтыр елордада алаяқтардан 796 адам алданған.
Источник: http://24.kz/kz/