АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

 КЕЛІМБЕТОВ КЕТКЕННЕН КЕЙІН ТЕҢГЕ 77 ТЕҢГЕГЕ ҚҰНСЫЗДАНҒАН

скачанные файлы (4)Қайрат Келімбетов Ұлттық банк басшылығынан кетіп оның орнына Данияр Ақышев келерде көпшілік экс-банкирдің басына әңгір-таяқ ойнатып еді. Сыншыларың басым көпшілігі теңгенің құнсызданып, АҚШ долларының асқақтауына бір ғана Келімбетов кінәлідей жазғырған болатын. Алайда, Данияр Ақышевтың өзі АҚШ долларының шамадан тыс асқақтауына тұсау бола алмады. Бұл деген сөз ұлттық банк басшысы болып кім тағайындалса да одан ешқандай пайда жоқ екенін аңғартты.

Қазіргі таңда Қайрат Келімбетовтың жаны жай тауып, құлағы тынышталды. Өйткені, ол жуырда халықаралық “Астана” қаржы орталығының басшысы болып тағайындалды. Енді оны ешкім «төл теңгені құнсыздандырып, АҚШ долларын ауыздықтай алмады» деп айыптамайды. Алайда, Қайрат Нематұлы қызметінен кеткеннен кейінде теңгенің ахуалы жақсара қоймады. Жақсара қоймағаны былай тұрсын тіпті, төл теңге одан сайын құнсызданып кетті. Мәселен, экс-банкир қызметтен кеткен кезде 1 АҚШ доллары 280 теңге болса, қазіргі таңда оның құны 356 теңгеге жетті. Бұл әрине алаңдатарлық дүние.

Десек те, Үкімет теңгенің құнсыздануын мұнай бағасының төмендеуінен ғана көріп, қол қусырып отыр. Алайда, Үкімет әу баста қам жасап, дұрыс экономикалық саясат жүргізе білсе теңге дәл қазіргідей құнсызданбас еді.  Нақтырақ айтсақ кезінде қытайдың экономист сарапшысы Генри Лю Қазақ елін 1 жылдың ішінде бай қыламын деген екен. Экономистің айтуынша, Қазақия экономикасын көтерудің бірнеше тәсілі бар. Солардың бірі – елдегі мұнайды теңгемен сату. Нәтижесінде мемлекеттің долларға тәуелділігі төмендейді. Ол мұндай кеңесті кезінде Қытай үкіметіне бергенін, қытайлар қазіргі уақытта сыртқы сауданы төл валюталары – юаньмен жүргізуге көшіп жатқанын айтады.

Мен антиамерикандық емеспін. Америкалықтар қазір мұнайларыңызды доллармен сатып алып жатыр. Егер «қара алтынды» теңгемен сатсаңыздар, олардың активтері сіздердің қолдарыңызға өтеді. Неліктен? Себебі олар мұнайдан бұрын сіздерден теңгені сатып алады. Ал теңгенің валюталық курсы Қазақстан Ұлттық банкінің қолында, – дейді Генри Лю

Бір қызығы қытайлық экономистің кеңесіне біздің үкімет немқұрайлы қарап, мән бермеген көрінеді. Міне, осының салдарынан қазіргі таңда төл теңгеміз әлемдегі валюталардың ішінде ең құнсызданған ақша болып отыр. Жалпы қандайда бір тиімді әдісті пайдаланып, жүзеге асыруға біздің үкімет енжанлық танытады. Осы енжарлықтан арылмасақ мың жерден Ұлттық банк басшысын ауыстырсақта одан нәтиже шамалы. Бұған Келімбетовтен кейін төл теңгенің 77 теңгеге құнсызданғаны дәлел бола алады.

 

Серік ЖОЛДАСБАЙ

«Қамшы» сілтейді

Астана