Ыстамбұлдағы жарылыстан кейін Түркияда үш ресейлік ұсталды, — деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл мәліметті Ресейдің Анталиядағы бас елшілігінің өкілдері растап отыр. Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, олар ДАИШ-қа қарсы жүргізілген операцияның аясында ұсталған. «Біз РФ-ның үш азаматының ұсталғанын растаймыз. Олардың неліктен ұсталғанын анықтап жатырмыз», — деп мәлімдеді Ресейдің Анталиядағы бас елшілігінің бас елшісі Александр Толстопятенко.
Жойқын жарылыс Астана уақыты бойынша сағат 14.20-да Сұлтанахмет алаңындағы трамвай аялдамасы маңында болған. Сол кезде аялдамада Германиядан келген саяхатшылар болыпты. Болжам бойынша, жарылысты жанкешті жасаған. Қазақстан СІМ Ыстамбұлдағы жарылыстан қаза тапқандардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр. Осыған дейін Түкия билігінің бұқаралық ақпарат құралдарына Ыстамбұлдағы жарылыс туралы жаңалық таратуға тыйым салғаны хабарланған еді.
http://kaz.tengrinews.kz/