АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

14 Қаңтар 2016, 12:52 100 кг-ға жуық Iphone мобильді телефонының экрандарын шекарадан алып өтпек болған

images (1)«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының шекарашылары кеше Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығының сауда нүктелерінен жаяу қайтып келе жатқан 28 жастағы қазақстандық азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Оның қолындағы екі қораптың іші толған мобильді телефондардың қосалқы бөлшектері болып шықты. Жалпы салмағы 100 кг шамасындағы Iphone 5, 6 телефондарының экрандарын бұл жігіт ешқандай жарияланымсыз алып өтпек болыпты. Ұсталған жігіт заттарымен бірге «Алтынкөл» кеден бекетінің «Қорғас шығыс қақпалары» бөлімшесіне тапсырылды.

ҚазАқпарат