ТЕЛИБЕКОВ МС САЙЛАУБЕКТІ ДЕПУТАТТЫҚҚА ҰСЫНДЫ
Өзін Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы деп таныстыратын Мұрат Телибеков түсініксіз тілде ән орындайтын қазақстандық рэпер МС Сайлаубекті Мәжіліс депутаттығына ұсыну керек деп мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Сондай-ақ, Телибеков Г. Головкин, А. Винокуров, Д. Тен, Ж. Әбдімәлік, Д. Рыспаев сынды танымал спортшыларды, Қ. Нұртас, Р. Рымбаева, Қ. Түнтеков, Д. Ахмадиева сынды өнер жұлдыздарын да заң шығарушы органға сайлау керек деп санайды.
Сонымен қатар, ол қазақстандық депутаттық корпусқа шет елдерден легионерлер шақыру керек деген де ұсыныс айтқан.