АҚШ-тағы Вашингтон штатының тұрғыны Сара Энн Стивенс қызық жәйтті бастан кешірді. Чиула қаласынан Споканға дейін жолға шыққан ол, Костко елді мекеніне тоқтауды ұйғарады, деп хабарлайды CBS news. Дүкенге кіріп шыққан Сара Энн қайтып келіп, көлікке отырған кезде мияулаған мысықтың дауысын естиді. Бірақ, көліктің ішінен үй жануарын таппаған әйел, сыртқа шығып, оны моторлы бөліктің қақпағын ашқан кезде бір-ақ көреді. Тап сол кезде оның таңданысында шек болмады. Себебі бұл мысықты Сара Энн бұрыннан танитын болып шықты. Сөйтсе, осыдан екі жыл бұрын Томас атты бұл жануар Сара Эннің үйінің маңын торуылдап, аз уақыт әйелдің үйінде «қонақтаған» екен. Стивенс өзі тоқтаған дүкеннің қызметкерлерін шақырып, Томасты мотор темірінің құрсауынан аман-есен шығарып алды. Сол сәтте Томас қашудың орнына Сара Эннді айналшықтап, кетпей қойды. Енді әйел оны қала сыртындағы үйіне алып кетпекші. CBS news-тен аударған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/