АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Жанар Дұғалова мен Геннадий Головкин «Нұр Отан» атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат атанды

15(10) imageГеннадий Головкин мен Жанар Дұғалова «Нұр Отан» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар қатарына қосылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтіп жатыр. Съезде партияның сайлауалды бағдарламасы мен Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі жарияланады.

«Нұр Отан» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, әнші Жанар Дұғалова, спортшы Илья Ильин, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, ШҚО әкімі Даниал Ахметов, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин бар.

Партия атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің тізіміне 127 адам еніп отыр. Олардың арасында республикаға белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері бар.

http://kaz.tengrinews.kz/