Сауд Арабиясының ұшағы Испания астанасы Мадридтегі әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі лайнер бортына бомба қойылғаны жөнінде хат табылған. Салдарынан Эр-Риядқа бет алған 95 жолаушы мен экипаж мүшелері қауіпсіз жерге көшірілді. Ал әуежайда қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бірақ ұшақты тексеріп шыққан полицейлер оның бортынан күмәнді еш нәрсе таппады.
Источник: http://24.kz/kz/