АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қостанайда күзетші сот залында өзіне оқ атты

???????????????????????????

Қостанай облысында ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері сотта өзін атып алды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның 11 ақпанда сағат 20.45-те Қостанай №2 сотының ғимаратында болған анықталды. «Кезекшіліке тұрған қызметкер табель қаруынан өзін абайсызда атып алды. Оқ оның ішіне тиді. Қазір қызметкер қалалық ауруханада жатыр», — деп хабарлады облыстық соттық баспасөз қызметі өкілдері.

Зардап шеккен адам ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 1991 жылғы қызметкері Мейірбек Нұржанов болып шықты. «Қазір барлық қажетті шара жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себебі анықталу үстінде», — деді ведомство өкілі.
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/