Қазақстан президентінің жан жары Сара Алпысқызы 12 ақпан күні өзінің мерейтойын тойлатуда. Ол 75 жыл бұрын Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген
Ресми сайтында Қазақстан президенті өзінің Сара Алпысқызымен алғашқы кездесуі туралы жариялады. Ол жарын Теміртау қаласында өзі істеп жүрген цехте жолықтырады.
«Сол жылдары менің есімде қалған ең жарқын күндердің бірі — болшақ жарым Сарамен алғашқы кездесуім. Бұл кездесу домна пешінде болған ақаулар кезінде болды. Ақау салдарынан металл жерге төгіліп, ауысым түгелдей жұмыстан кетпей, теміржол қозғалысын қалпына келтіреді. Осындай қатаң тәртіп: тіпті тәулік бойы жүрсең де, өзің кетірген қателікті жөндеуге тиіссің. Дәл осындай жағымсыздау сәтте, тәулік бойы аяқтан тік тұрған, тек көзіміз бен тісіміз көрінетіндей кейпімізде мен бойжеткенді жолықтырдым. Ол сол түні қосалқы электр станциясында кезекшілікте еді, пеште не болып жатқанын көру үшін бізге келді… Ал көп ұзамай біз үшін комсомолдық үйлену тойы жасалды», — деп есіне алды президент.
Жас жұбайлардың Дариға, кейін Динара, одан кейін Әлия есімді үш қызы дүниеге келеді. Болашағы зор маман ретінде Нұрсұлтан Әбішұлын Қарағанды политехникалық институтына жібереді.
Сара Алпысқызы да сол арада «Кармет» тұсындағы жоқары оқу орнында экономист мамандығын меңгереді.
1969 жылы Назарбаев Теміртауда ұсынылған партиялық және комсомолдық жұмысқа тұрады.
Назарбаев өзінің айтарлықтай басқарушы қызметтерге құлшынысы болмағанын алға тартты. Жас кезінен қашан да алдыңғы қатарда жүруге талпынуы оның біртіндеп басшылық қызметте көтерілуіне септік болған.
Оның таплыныстарын жары Сара Алпысқызы қашан да қолдап отырды. Бірінші ханым атанған Сара белсенді түрде қоғамдық жұмыстармен айналыса бастайды.
1992 жылдың ақпанында ол Халықаралық балалар қайырымдылық қоры «Бөбектің» негізін қалап, оның президенті атанады. Бүгінде «Бөбек» — еліміздегі шетелде де танымал болған ең белсенді қайырымдылық қоры.