АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қытайда өлі сәби кремация алдында тіріліп кетті

imagesҚытайда өлі деп танылған сәби дәл кремациялау алдында тіріліп кетті. Бала мәйітхананың мұздатқыш камерасында бір тәулікке жуық болған, деп жазады The Independent. Ұл бала 8 қаңтар күні Чжэцзян провинциясында мерзімінен екі ай бұрын дүниеге келген екен. Ата-анасы дәрігерлердің айтқанына құлақ аспай, баланы инкубатордан алып кеткен. Екі күн өткеннен соң сәби ауырып, көз жұмады. Дәрігерлер оның өлгендігін растаған. Оның денесі 23 сағат бойы -12 градустық температурадағы мәйітханада жатады. Ертеңінде оны кремациялау үшін алып шыққан уақытта сәби жылай бастайды. Бұл жағдайдан кейін оның өлгендігін растаған дәрігердің өзі аң-таң болып отыр. Дайындаған: Д.Изгуттинова

Источник: http://24.kz/kz/