АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан ТӨРЕЖАН.«Айбалта» жауынгерлік жаттығуы жүріп жатыр

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтың нұсқауларына сәйкес, еліміздің Қарулы Күштері «Айбалта – 2016» ірі ауқымды жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізіп жатыр.  Оның мақсаты – дағдарыстық ахуалдарды оқшаулау кезінде әскерлердің іс-қимылдары мәселелерін пысықтауға бағытталған.

Оқу-жаттығу алғаш рет жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда қысқы уақытта өткізілуде. Бұл оқу-жаттығудың ерекшеліктері үлкен қашықтықтарға қайта топтасуы және жедел әуеайлақтарға майдандық авиацияның көшірілуінен кейінгі әскерлердің іс-қимылдары, күрделі қысқы жағдайдағы іс-қимылдар болды. Жауынгерлік жаттығу тұрақты орналасу пункттерінде, қозғалу бағдарларлары мен «Шығыс», «Сарыөзек» және «Спасск» полигондарында өтуде.  Барлығы оқу-жаттығуға 5 мыңға жуық адам, 1 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік авиациялық техника тартылған.

– Оқу-жаттығуға «Астана» өңірлік қолбасшылығы, Аэроұтқыр әскерлері, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қатысуда». Сондай-ақ біз Шекара әскерлерін, Ұлттық ұлан мен Әуе қорғанысы күштерін тарттық. Біз оқу-жаттығуды төмен температурада, қыста және әскерлер үшін таңсық жерде өткіздік. Сондықтан әскерлерді біз командирлердің бұл жерді білмейтіндей етіп таңдадық. Бірқатар жекелеген батальондар оңтүстіктен Меркі, Арыстан, бірқатар батальон, дивизион батыстан келді. Олар қазір келіп жатыр, тиеліп бітеді және белгіленген аудандарға шығады.  Негізі мақсат – күрделі жағдайларда жұмыс жасау үшін штабтарды, әскерлерді даярлау, сондай-ақ жауынгерлікке жақындатылған, қысқы температурада әскери операцияларды жоспарлауға үйрету, — дейді ҚР Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

Осы аптада оқу-жаттығудың негізгі кезеңдері өтеді. Онда әскери қызметшілер әскерлердің далалық машығын, күрделі қысқы жағдайда іс-қимыл жасау кезінде жеке құрамның моральдық-психологиялық тұрақтылығы мен физикалық тұрғыдағы төзімділігін арттырады. Жауынгерлік жаттығу аптаның аяғына дейін созылады.

????????????????????????????????????

– Бүгін бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жөніндегі іс-шаралар өткізілді. Біз көрсетілген ауданға марш жасауға оқу-жауынгерлік тапсырма алдық. Онда жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда бөлім штабымен жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау жүргізіледі, ал бөлімшелердің жеке құрамы оқу-жаттығу бойынша шартты қарсыласты іс жүзінде жою жөніндегі тапсырмаларды орындайды. Бұл жаттығуға 177 адам және 52 бірлік техника тартылады. Оқу-жаттығудағы артиллерияшылардың міндеті шартты қарсыласты атыспен қолдау, жалпыәскери бөлімшелер мен бөлімдерді қолдау, — дейді 28738 әскери бөлімінің командирі подполковник Жанат Расқұлов.

«Айбалта-2016» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде Әуе қорғаныс күштері де жауынгерлік дайындық режиміне келтірілді.  ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының кешенді комиссиясы ӘҚК бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовтің басшылық етуімен Талдықорған және Алматы гарнизондарының әскери бөлімдеріне жоспарлы жұмыс тексерісімен барды. Әскери бөлімдер жауынгерлік даярлықтың барысы, жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуы, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, тәртіп пен моральдық-психологиялық жай-күйі мәселелерінде тексерілді. ӘҚК бас қолбасшысы Талдықорған авиациялық базасында ұшулардың іске асырылуына жеке қатысып, ұшу құрамының дайындығына баға берді. Ұшулар орағытудың күрделі түрлерінен жерүсті нысаналарды шабуылдаумен жұп болып күрделі метеорологиялық жағдайларда орындалды. Ұшу құрамын тексеру кездейсоқ болған жоқ және «Айбалта-2016» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізілді.

Өткізілген оқу-жаттықтыру ұшуларда жұп болып әрекет еткен Су-30СМ ұшақтарында майор Аслан Құлбасов, Әбілмәжит Жанахметов, Владимир Ткач, Руслан Смағұлов құрамындағы экипаждар үздік болды. Жетіген гарнизонындағы жұмыс сапары аясында ӘҚК бас қолбасшысы 78639 әскери бөлімінің қайта орналасу барысын тексерді.  Жұмыс барысында жаңа оқу корпусының ғимараты, оқу-материалдық базаның нысандары, жеке құрамның орналасу орындары, жатақхана, әскери қалашық, автомобильді парк және асхана тексерілді.