Қаза тапқандардың барлығы Ресейге күнкөріс қамымен келгендер екен. Башқұрстан Тергеу комитеті берген ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандардың екеуі әйел, қалғандары 10 ер адам болған. Олардың барлығы Ресей жеріне күнкөріс қамымен келген еңбек мигранттары болып шықты, деп хабарлайды «Лайф Ньюс». Естеріңізге сала кетсек, Башқұрстандағы жеке үйде болған өрттен 12 адам қаза тапты. Үй өрті туралы хабарлама шамамен түнгі сағат 03:00-де түскен. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды бір сағаттан соң ауыздықтады.
Источник: http://www.24.kz/kz/