Қостанай облысы Арқалық қаласында «Ең әдемі келіншек – 2016» атауымен дәстүрлі байқау өтті. Бұл сайыс жыл сайын қазақ халқының әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстанған, ибалы келінді дәріптеу мақсатында келіншектер арасында өткізіліп келеді.
Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мәдениет сарайы бірлесіп өткізген тағылымды шарада қатысушылар «Мен бақытты әйелмін», «Дәстүрді білесің бе?», «Өнерім – асыл қазынам», «Мерекелік тәтті», «Бесік жыры», «Әдемі-ау» шарттары бойынша сынға түсті.
Байқауға қала мен қатар қалаға қарасты ауылдардан да келіншектер қатысты.
Қорытындысында ІІІ орынды Родина ауылынан Гүлнар Баяхметова (4 баланың анасы), ІІ орынды КЮЭС қызметкері Ғафура Досова (5 баланың анасы), І орынды Үштөбе ауылынан Гүлзат Нүрпейісова (3 баланың анасы) иеленді. Бас жүлдені Торғай агро-техникалық колледжінің жас ұстазы, Кәки келіні Айым Жарасқан (1 баланың анасы) жеңіп алды.
Источник: Stan.kz