АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ертісбаевтың ерсі қылығы

ertisbayev-dalanews-jpg-1-840x42029 наурыз күні Тбилисиде футболдан Грузия мен Қазақстан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті. Аталған матч алдындағы Қазақстан Әнұраны орындалған сәтте көптеген жерлестеріміздің құрмет көрсетпеуі желіде қызу талқылануда. Бұл туралы nur.kz жазады.

Әнұранды ұлттық құрама футболшылары тебірене шырқайды. Алайда, осы кезде трибунада тұрған Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамбет Ертісбаев қолын жүрек тұсына апарудың орнына, іш аумағына қойған. Сондай-ақ, елші Ертісбаев Әнұранды орындауға тырыспаған.

Бұдан бөлек, камера назарына ілікке көптеген қазақстандықтардың Әнұранға құрмет көрсетпегенін байқауға болады.

Ұлттық құраманың қосалқы ойыншылары орналасатын тұстағы жерлестеріміздің бірі телефон шұқылап тұрса, енді бірі қолын кеуде тұсына қоюды жөн деп санамапты.

 

Дереккөзі: verdict.kz

Dalanews.kz – ақпарат агенттігі