АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

 АЛПЫСБАЙ АХМЕТОВ, ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: ҚАЗАҚСТАНДА БЕС МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМНЫҢ ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ НЕСИЕСІ БАР

скачанные файлыҚазақстанда 5 миллионнан астам адамның түрлі банктерде несиелері бар. Мәжіліске «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасын алып келген Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов осылай деп отыр.

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерден алынған несиелерді қайтару тетіктерін қарастыратын жаңа заң жобасында коллекторлық қызметтің заңдастыруды көздеп отыр. Бас банк басшылығы мына дағдарыс жағдайында банкке уақыты қайтарылмаған несиелерді «бомбаға» балаған.

«Ертең бұл әлеуметтік шиеленіске себеп болуы мүмкін. Он-жиырма адамның электр қуаты не қоқыс тасушылар ақысын төлемей қоюы – басқа мәселе. Мұндай ауқымды айтсаңызшы! Миллионнан астам адамның банктерге триллион теңгеден артық қарыздар болуы елдегі әлеуметтік ахуал жайлы алаңдау тудырады, — деген ол депутаттарға.

Жаңа заңда борышкерлердің несиесін қайтарумен айналысатын коллекторлық қызметтің дамуына қолайлы құқықтық жағдай жасау, қарызды өндіріп алуда қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру, борышкерлердің құқығы мен мүддесін коллекторлық агенттіктер тарабынан болуы мүмкін заңға қайшы әрекеттен қорғау, коллекторлықтың жариялылығын қамтамасыз ету мәселелері қамтылып отыр.

Осы заң арқылы Ұлттық банк коллекторлық агенттіктерді өз реестріне қосуды, олардың тіркеусіз әрекет етуіне және банк құпиясы есебіндегі деректерді ұрлау, сатып алу не бопсалау арқылы иеленуіне байланысты жауапкершілік тағайындауды  ұсынады. Мұндай іске барған коллекторларға қомақты айыппұл салуды не үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды заңдастыруды көздеп отыр.

Алайда, депутаттардың өздері бұл бастамаға қатысты түрлі ұстаным білдірді. Гүлжан Қарағұсова жаңа заң жобасын «Мафияны басқаруға талпыныс» десе, «Қаржылық рэкетті заңдастыратын» халыққа қарсы заң деп отыр. Ал, комунист депутат Тұрғын Сыздықов борышкерлермен жұмыстың жүйеленгені, белгілі бір заң нормаларымен реттелгені дұрыс деп санайды.

«Қамшы» сілтейді